«Арал тынысының» тынымсыз еңбегі

–Жыл басталғалы қалада қолайсыз ауа райы салдарынан автокөліктер мен жаяу жүргіншілердің жүріп-тұруында біршама қиындықтар туындады. Қаңтар айынан демалыссыз көше бойларынан трактор, автокөліктер күштерімен қар шығарылып, еріген қар суларын тарту әлі жалғасуда. Халықтың көп жүретін жолдарын қардан, қатқан мұздан тазарту жұмыстары қол күшімен жүргізілді. Қажетті жерлерге тұз қалдықтары себіліп отырды. Өздеріңіз білесіздер, күн жылыған кездерде кейбір жерлерде қар еріп, оның үстіне жаңбыр жауып, халықты әбден әбігерге түсірді. Дегенмен, тез арада тиісті шара қолдану нәтижесінде, жеке тұрғын үйлер мен мекемелердің суға кету қаупі сейілді. Кейбір жерлерге қапшықпен құм тасымалданып, бөгеттер жасалынды. Қаңтар айынан бастап қаладан 7436 текше метр қар шығарылса, 3160 текше метр су тартылды. Сондай-ақ, 250 қап құм салынған қапшықтар тиісті жерлерге төселсе, ағын суларға бөгет ретінде 21 рет арнайы көліктермен құм тасылды. Осы жұмыстарды жүргізуде жұмысшылар мен қоғамдық негізде жұмыс атқарған жандардың еңбегі зор,-дейді.
Хош... Бәрінен бұрын нендей жағдай болмасын, халықты ойлайтын биліктің бары бізді қуантады. Осы төтенше жағдайлардың алдын алу мен зардаптарын жоюда сала басшылары тиісті мекемелерге жан-жақты тапсырмалар беріп, қажетінше қаржы бөлуінің өзі қарапайым халықтың көңілін бір серпілтері анық. Міне, сол жүргізілген жұмыстардың арқасында бүгінде жағдай қалыпты болып отыр.
Б. Төребай