ТАБАНДЫ ЖҰМЫСҚА АЛҒЫС АЙТАМЫЗ

Мая Ыршынбетова 2-топтағы мүгедек
-Мен Арал қаласындағы Қазыбек би көшесі №49 үйдең тұрғынымын. Өткен аптада мөлшерден тыс жауған жауын салдарынан есік алдын су басып қалды. Бұл мен сияқты мүмкіндігі шектеулі адамдардың үйге кіріп-шығуын тіпті қиындатып жіберді. Суды тазалауға қол күшінің жеткіліксіз екендігін аңғарған соң, Арал қаласы әкімдігіне барып арнайы техниканың көмегімен тазалап беруге өтініш білдірдім. Менің өтінішім елеусіз қалмай, ауламды тазалауға қажетті техника жұмылдырылды. Дер кезінде жасалған жұмыстардың нәтижесінде шарбақ іші топан судан оңай арылды. Қарап отырсақ қызметкерлер күндіз-түн демей демалыс, мереке күндері де көшедегі суларды тазартып, жұмыла жұмыс жасады. Елден естуіміз бойынша жетіспеген техникаларды жекелерге өтініш айту арқылы шешкен көрінеді. Осындай табанды тірлігі үшін тиісті сала қызметкерлері мен жұмысшыларға алғыс білдіремін. Халық үшін қалтқысыз жасаған қызметтерінен береке тапсын деп тілегімді білдіремін.