Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Аллаға сенгені үшін кінәлау – сауатсыздық" Айнұр Тұрсынбаева неге ашынды?

"Аллаға сенгені үшін кінәлау – сауатсыздық" Айнұр Тұрсынбаева неге ашынды?

Айтыскер халық арасында кейбір ақындар туралы тараған алып-қашпа әңгімеге тоқталдыАллаға сенгені үшін адамды сектант деп қаралау – қисынсыз сауатсыздық. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева осындай пікір айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Айнұр Тұрсынбаева халық арасында кейбір ақындар туралы тараған алып-қашпа әңгімеге тоқталды.
Айнұр Тұрсынбаева тойда гауһар тасты әшекей таратты
"Мәселен, мен қазір Балғынбек Имашев биге барып жүр десем, қисынға келмейді ғой. Діни сектаға кетіп жатыр деген сөзге бірде-бір адам дәлел келтіре алмайды. Балғынбек бес уақыт намазын оқиды, қажылыққа барып келді. Мен Меккеге барып келдім. Бірақ мұндай нәрселер діни сектаның жетегінде кетіп жүр деген әңгімеге негіз бола алмайды", - дейді айтыскер ақын "Ұлы дала ән мен жыры, ақындықтың жеті қыры" атты республикалық турға арналған баспасөз мәслихатында.
Ол ақындарға жала жауып жүрген адамдардың ешқайсысы нақты дәлел келтіре алмайтынын атап өтті.
"Аллаға сенгені үшін, Алланы сүйгені үшін адамды сектант деп қаралап, кінәлау мүлде қисынсыз сауатсыздық деп ойлаймын. Бізге жала жауып жатқан адамдардың қай-қайсысынан тікелей сұрасаң, ешкім дәлелдей алмайды. "Білмеймін, халық айтып жүр ғой" дей салады", - деп ашынды ақын.

"Айтыста отбасымның мәселесін ешқашан көтерген емеспін"

Тұрсынбаева ақындар айтыста әлеуметтік мәселелерді көтермейді деген сауалға қатысты да жауап берді.
Балғынбек Имашев айтыста ұтқан көліктері мен үйлері туралы айтты
"Отыз жыл бойы айтыста мен өз отбасымның мәселесін ешқашан көтеріп көрген емеспін. Қай-қайсымыздың айтысын алып қарасаңыз, тіл мен діннің жайы, ел мен жердің дауы қозғалады. Әлеуметтік мәселе қозғалмаған айтысты 28 жылда бірде-бір рет жасап көрген емеспіз. Түрлі КВН, әзіл-қалжың, қай жерде отырсақ та, біз өзіміздің ақын деген атымызға кір келтірген емеспіз. Халық нені естігісі келеді, біз соны айтып келе жатырмыз деп ойлаймын", - деді айтыскер ақын.
https://sputniknews.kz

19 сәуір 2019 ж. 954 0