Енді той өткізіп, пайда тапқандар салық төлейді

"Тойын, концерттерін онлайн сататын әншілер салық төлеуі керек пе?" деп сұрады БАҚ өкілдері.
Салық төлеуі керек. Конституциямыз бар. Оның 35-бабы бойынша салық төлеу міндет. Сол себепті қосымша табыс болса, одан салық төленуі керек. Мысалы, әртістер той өткізеді, кейбірі тойларын TikTok-та көрсетеді. Олар жалпы тапқан табысын жыл соңында 1 наурызға дейін тапсыратын декларацияда көрсетуге міндетті, - дейді Такиев.
Кейін оның 10% салығын 10 сәуірге дейін төлеуі қажет.
Фото: Нұрболат Нұржаубай