Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық спорт түрлерінен сайыс өтті

Ұлттық спорт түрлерінен сайыс өтті

Ақтан батыр ауылындағы орталық алаңда ел қорғаған ер баба — Ақтан Ақайұлының 255 жылдық мерейтойына арналған ұлттық спорт сайыстары өтіп, қызыққа толы дүбірлі додаға ұласты.

Сайыс бірнеше спорт түрінен өтті. Атап айтқанда, қазақша күрес, қол күрес, арқан тартыс, аударыспақ жарыстарымен өрбіді. Жарысқа Ақтөбе облысы, Қармақшы ауданы мен Қазалы өңірінің мықты спортшылары қатысты.  

Палуандар тартысында: І орын — Арал ауданынан келген білекті  палуан Ибрагимов Бақтияр иеленді, ІІ орын — Қазалының үмітін арқалаған, намысты жігіт Қуаныш Есенге бұйырды, ІІІ орын — Қармақшының палуаны, Алмахан Спандиярға табысталды.

Білектілер бәсекесі қол күрестің қорытындысымен: І орын – Ақтан батыр ауылынан Өмірбеков Әділетке бұйырды. Әйтеке би кентінен ІІ орын –Жалғасбек Мақсат пен ІІІ орын – Кәден Иьяс иеленді.

Арқан тартыс бәсекесінде де тартыс қыза түсті.  І, ІІІ орындар Ақтан батыр ауылы иеленсе, ІІ орын – Бекарыстан би ауылының командасы алды.

Жүлдегер спортшыларға қаржылай сертификаттар табысталып, арнайы дипломдармен марапатталды.  
Сонымен қатар, ертең батыр баба рухына арналған ат бәйгесі өткізілетін болады.
kyzylorda-news.kz
17 тамыз 2025 ж. 50 0