Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал аудандық филиалына қарасты бастауыш партия ұйымдарының арасында ұйымдастырылған аудандық жарыс өз мәресіне жетті.

Арал аудандық филиалына қарасты бастауыш партия ұйымдарының арасында ұйымдастырылған аудандық жарыс өз мәресіне жетті.

ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН АУДАНДЫҚ ЖАРЫС ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Бүгін «Nur Otan» партиясының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған ұлттық спорт түрлерін дамыту және насихаттау мақсатында «Nur Otan» партиясы Арал аудандық филиалына қарасты бастауыш партия ұйымдарының арасында ұйымдастырылған аудандық жарыс өз мәресіне жетті. Марапаттау рәсіміне аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Т.Қанатов, аудандық мәслихат депутаттары және бастауыш ұйым төрағалары мен жарысқа қатысушы командалар болды. Жалпы жарыстың қорытындысы бойынша командалық және жекелей марапаттау рәсімі 5 ұлттық спорт түрінен өткізілді. Атап айтар болсақ командалық есепте:Қол күресінен
І орын – «Аралқұм» БПҰ (72 ұпай)
ІІ орын – «Вокзал» БПҰ (66 ұпай)
ІІІ орын – «Қосжар» БПҰ (63 ұпай)
Арқан тарту бойынша
І орын – «Қосжар» БПҰ
ІІ орын – «Орталық» БПҰ
ІІІ орын – «Вокзал» БПҰ
Бес асық бойынша
І орын – «Орталық» БПҰ
ІІ орын – «Барсакелмес» БПҰ
ІІІ орын – «Сарыбұлақ» БПҰ
Асық атудан
І орын – «Вокзал» БПҰ
ІІ орын – «Сарыбұлақ» БПҰ
ІІІ орын – «Орталық» БПҰ
Тоғыз құмалақ бойынша
І орын – «Октябрь» БПҰ
ІІ орын – «Барсакелмес» БПҰ
ІІІ орын – «Аудандық аурухана» БПҰ
Осылайша жүлделі орындарға жалпы командалық есеп бойынша төмендегі бастауыш партия ұйымдары иеленді:
І орын – «Сарыбұлақ» БПҰ (69 ұпай)
ІІ орын – «Орталық» БПҰ (68 ұпай)
ІІІ орын – «Вокзал» БПҰ (65 ұпай)
Бастауыш партия ұйымдары арасында ұлттық спорт түрлерінен өткізілген сайыс тартысты өтіп, белсенділік танытқан командалар ынталандыру мараптаттарын алды.

30 қыркүйек 2019 ж. 996 0