Аралда ұлттық спорт түрінен ауданыдық жарыс өткізілуде

Жарыстың ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Мұхтар Оразбаев өз сөзінде мекеме қызметкерлерінің салауатты өмір салтын насихаттап, спортпен шұғылдануы құптарлық іс екендігін атап өтіп, сайысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
Аталған жарыста 17 бастауыш партия ұйымдарынан құралған командалар тоғызқұмалақ, қол күресі, асық ату, бес асық және арқан тарту түрлері бойынша бақ сынауда. Жарыс нәтижесі 28 қыркүйек күні белгілі болады.