Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » СПОРТ АЛАҢЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

СПОРТ АЛАҢЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

1 желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай Сексеуіл кентінде жаңа спорт алаңы пайдалануға берілді. Жаңа алаңда мекеме қызметкерлері арасында шағын футболдан кентішілік жарыс ұйымдастырылды. Спорт алаңының салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан аудан әкімі Мұхтар Оразбаев көпшілікті Тұңғыш Президент күнімен және спорт алаңының ашылуымен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
 Жаңа ашық спорт алаңында жасанды төсемелі спорттық ойын алаңы және балалар ойын алаңы, тренажер құрылғылары орнатылып, спортпен шұғылдануға толық жағдай жасалынған.
04 желтоқсан 2018 ж. 1 594 0