СЕКСЕУІЛ КЕНТІНДЕ ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

Облыстық бюджет есебінен салынған аудандағы тұңғыш спорт кешені спорттық оқу-жаттығу жарыстарын өткізуге, спортшыларды спорттық ойын және зияткерлік түрлеріне дайындауға, сауықтыруға және жалпы дене шынықтыруға арналған.
Ғимараттың құрылысы өткен жылдың сәуір айында басталып, бүгін пайдалануға беріліп отыр. Жобасын «Проект Сервис» ЖШС дайындап, мердігер ұйым «Асанас-Дар» ЖШС болғанын да атап өту керек.
Бір мезгілде 60 спортшыны қабылдауға мүмкіндігі бар кешенде келешек еркін күрес, грек-рим күресі, қазақ күресі, бокс, және волейбол, баскетбол сынды спорт түрлерінің үйірмелері тұрақты жұмыс жасайтын болады.
Сондай-ақ, облыс әкімі жергілікті кәсіпкер Мейрамбек Таласовтың қаражаты есебінен салынған жана «Қарақат» сауда ойын-сауық орталығының жұмысымен танысты. Ағымдағы жылдың мамыр айында ашылған сауда кешенінде: дүкен, дәмхана, балалар ойын-сауық орталығы мен киім-кешек сататын бутиктер бар.