«ЖАУҚАЗЫН» БАЛАБАҚШАСЫ МЕН СПОРТ САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІНДЕ БОЛДЫ

Мұнан әрі облыс әкімінің орынбасары кентте құрылысы жүріп жатқан спорттық сауықтыру кешенінің жұмысын көрді. Спорттық кешенге 2017 жылы тиісті қаржы бөлініп құрылыс жұмыстары басталған болатын. Бүгінде құрылыстың негізгі бөлігі аяқталды. Аталған кешен аз уақытта пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Кенттің дамуы жолында атқарылып жатқан нәтижелі жұмыстарға облыс әкімінің орынбасары Қ. Ысқақов оң бағасын берді.