АУДАН БАСШЫСЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

Содан кейін денешынықтыру және спорт кешенінің жағдайымен және жақында пайдалануға берілген ашық спорт алаңымен танысты. Ашық спорт алаңы кент жастарының күнделікті бой сергітіп, спорттық ойындар ойнайтын орынға айналған.
Сондай-ақ, «Қазақстан Темір Жолы» АҚ-ның жас теміржолшыларға арналған екі пәтерлі тұрғын үйлерінің және жаңадан пайдалануға берілетін компрессорлық станциясының құрылыс алаңында болып, жұмыстардың сапалы әрі уақытылы жүргізілуін тапсырды.