Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖҰЛДЫЗ ЖОРАМАЛ: 30 СӘУІР

ЖҰЛДЫЗ ЖОРАМАЛ: 30 СӘУІР

Балықтар. Түс аралас махаббат сезімінің құшағына енеді. Ең маңызды деген оқиғалар үйден тыс жерде өтеді. Ол әлеуметтік желі болуы мүмкін. Айналаңыздағылар бар көмегін аямайды. Сіздің танымалдылығыңыз артып келеді. Сондықтан мүмкіндіктерді жіберіп алмаңыз.

Суқұйғыш. 
Суқұйғыштардың өмірлері құпия мен жұмбаққа толы . Көп идеяңыз болса да, оларды тек алдағы күндерде жүзеге асыра аласыз. 

Тауешкі.
Бүгінгі күн жаңа әрі ерекше істердің жүзеге асуына көмектеседі. Тылсым күштердің жолдайтын белгілерін өзгелердің құпия-сырын білу арқылы анықтай аласыз. Алайда негізгі жұмысыңызбен айналысуды ұмытып кетпеңіз.

Мерген. 
Бүгін энергияңызды көп шығындайсыз. Айналаңыздағылар жоспарларыңыздың жүзеге аспауына жағдай жасайды. Уақытыңызды тек өзіңізге жұмсаңыз. Мұнымен қатар өзіңіз де өзгелердің қатесін есіне салмаңыз.

Сарышаян. 
Өміріңіздегі тепе-теңдікті махаббат пен қылымсушылық бұзуы мүмкін. Өзіңізге жараспайтын әрекеттер жасаудан сақтаныңыз. Шыдамдылық танытсаңыз, мақсатыңызға оңай қол жеткізесіз.  

Таразылар. 
Бүгінгі күніңіз ертегідегідей таңғажайыпқа толы болуда. Алайда барлығы сіз ойлағандай емес. Сіз сүйіктіңізбен жәй ғана ренжістім деп жүрген кезде, ол айырылысу туралы деп шешім қабылдауы мүмкін. Көзден кеткен көңілден де алыстайды демекші, сізді достарыңыз ұмытып кетуі мүмкін. Сондықтан олардың қал-жағдайын жиі сұрап тұрыңыз.  

Бикеш. 
Бір істі оңай орындай алсаңыз, қуаныңыз. Жақындарыңыздың сөзіне құлақ асыңыз. Жоспарларыңыздың жүзеге асуы сол адамдарға тікелей байланысты болмақ. Жаңа іспен айналысудан бас тартпаңыз. Алдыңызда тек жақсы күн күтіп тұр.  

Арыстан. 
Сіздің мейірімділігіңіз өзгелерге күн нұрындай шашылады. Өзіңіз де жаныңызға жылу сыйлайтын жанмен жолығасыз. Кешке сүйіктіңіздің сізден не жасырып жүргенін білуге тырысыңыз.

Шаян. 
Жолы болғыш бұл жандар кез келген іспен қуана айналысады. Ал жеке өмірде ашулану, еркелеу сынды мінезден аулақ болыңыз. Айналаңыздағылардың пікіріне қосылуға міндетті емессіз. Бастысы қолыңыздан көп іс келетініне өзгеден бұрын өзіңіз сеніңіз.

Егіздер.
Бүгін сіздер ерекше сыншылдық қасиетке ие боласыз. Жіберген қателіктеріңізді мойындап, бірден шешу жолдарын ұсыныңыз. Осылайша жеке өміріңізде беделіңіз артып, мақсатыңызға жетесіз.

Торпақ. 
Бұған дейін бастан кешірген махаббат сезімі қайтып оралады. Қазіргі әрекеттеріңіз ұнамай жүрген болса, абай болыңыз. Сіз де, үйіңіз де көп қонақ шақыратын боласыздар. Көре алмай жүргендерден сақтанып, үйіңізге келген қонақтан пайда көруге тырысыңыз. Ұмыт болған достарыңызбен қайта табысуыңыз мүмкін.

Тоқты.
Бақталастарының қарсылығына тап болады. Байқағыштық қасиетіңіз болмаса да, алдыңызда қасқайып күтіп тұрған қиындықты оңай шешесіз. Құдды жаныңызда періште көмектесіп жүргендей әсерде боласыз. Достарыңызбен көңілді кешке барып, өзіңізге жаңа өмірдің есігін ашасыз.

Дереккөзі: "ЖЖ" топтамасынан 
http://reactor.inform.kz
30 сәуір 2019 ж. 1 714 0