Қырғызстан делегациясы Қазақстанның жылжымайтын мүлікті тіркеу саласындағы цифрлық шешімдерімен танысты
Қырғыз Республикасының делегациясы «Азаматтарғаарналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына келіп, Қазақстанның жылжымайтын мүлікті тіркеу және жеркадастры саласындағы цифрлық қызметтерді енгізутәжірибесімен танысты.Сапар барысында қырғыз делегациясына тіркеурәсімдерін жеңілдетуге, үдерістердің жылдамдығынарттыруға және мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігінкеңейтуге бағытталған негізгі цифрлық шешімдертаныстырылды. Делегация мүшелері жылжымайтын мүліккеқұқықтарды тіркеу, оның ішінде кепілдер мен мәмілелерді«Blockchain» технологиясының негізінде ресімдеуүдерісімен танысты. Сондай-ақ жылжымайтын мүліккеқатысты сатып алу-сату, кепіл қою және жалға алушарттарын тіркеуді қамтитын кешенді цифрлық сервистіңжұмысы көрсетілді. Сервис іске қосылған уақыттан бері 250 мыңнан астам қызмет көрсетілген.
«Қазақстан цифрландыру бағытында өз позициясынжүйелі түрде нығайтып келеді. Бүгінде еліміз электрондыққызметтердің даму деңгейі бойынша жоғарғыкөрсеткіштерге ие. Бұл – жүргізіліп жатқан жұмыстыңтиімділігін айқындайды. Сонымен бірге қазақстандықцифрлық шешімдерге деген қызығушылық артып келеді: түрлі елдерден келген әріптестер біздің технологиялар мен тәжірибемізді зерделеуге мүдделі. Мұндай кездесулер өзаратәжірибе алмасуға және азаматтардың өмір сапасынжақсартатын заманауи тәсілдерді бірге дамытуғамүмкіндік береді», - деді Арман Кенжеғалиев, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттіккорпорациясының Басқарма Төрағасы.
Талқылауға сондай-ақ Геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтан зондтау мәселелері жөніндегімемлекетаралық кеңестің жұмыс тобының мүшелері онлайн форматта қатысты. Кеңес құрамына Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Молдова, Ресей, Тәжікстанжәне Өзбекстан кіреді.
Делегация өкілдері «ЦОН» мобильді қосымшасыныңмүмкіндіктерімен, Халыққа қызмет көрсету орталығыныңжұмысымен және Ахуалдық орталық қызметімен де танысты.
Сапар барысында қонақтар жылжымайтын мүліктітіркеу саласындағы ауқымды цифрлық трансформацияныңұйымдастырушылық, техникалық және құқықтықкомпоненттерін жан-жақты зерделеді. Қазақстанныңтәжірибесі қазіргі цифрлық шешімдердің тиімділігінкөрсетіп, Қырғыз Республикасында осындай бастамалардыенгізуге бағыт-бағдар бола алады.










