ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ
Арал аудандық мәслихатының және партия филиалының төрағасы Базарбай Шөменұлы Төрахметов бүгін партияның қоғамдық қабылдауында аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.Қабылдау барысында азаматтар әлеуметтік тұрғын үй, жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау тетіктеріне қатысты өз өтініштерін жеткізді.
Филиал төрағасы Базарбай Шөменұлы барлық сұрақтарды жеке қарап, қабылдауға келген азаматтарға мәселелері бойынша заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.









