"Пиротехника жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде
Арал теңізі станциясындағы Желілік полиция бөлімшесі хабарлайды 2025 жылғы 05 желтоқсан мен 12 желтоқсан аралығында қызмет көрсету аумағында "Пиротехника жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның мақсаты - ТЖД өртке қарсы қызмет бөліністерімен бірлесіп, заңды және жеке тұлғалардың пиротехникалық өнімдерді сақтау, есепке алу, қолдану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету тәртібін сақталуын тексеру, сертификатталмаған өнімді көтерме жеткізулерді және оларды сақтау орындарын анықтау бойынша және олардың шығарудың алдын алу, анықтау және жолын кесу.
Арал теңізі станциясындағы ЖПб-нің полиция қызметкерлері профилактикалық рейдтер жүргізіп, пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде жарақаттануды болдырмау мақсатында азаматтар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
С.Есмурзаев,
Арал теңізі ст.ЖПб бастығы полиция капитаны










