Алдағы күндері қай өңірлерде қатты аяз болады?
Қазгидромет 15, 16, 17 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Ауа температурасы төмендейді
Алдағы күндері Қазақстандағы ауа райына Жаңа Жер аудандарынан ығысқан антициклон ықпал етеді. Сондықтан республика бойынша ауа температурасы төмендейді.
Қай өңірлерде қатты аяз болады?
15 қаңтарда солтүстік және шығыс облыстарда түнде ауа температурасы 30-40 градус аязға дейін төмендейді.
Оңтүстік өңірлерде түнде ауа температурасы 5-13 градус аязға дейін, ал оңтүстік-шығыс облыстарда 8-17 градус аязға дейін төмендейді, таулы аудандарда 20-25 градус аяз болады.
Қар, тұман, көктайғақ
15-16 қаңтарда Қазақстанның оңтүстігінде қатты қар жауып, көктайғақ болады. 16-17 қаңтарда елдің оңтүстік-шығысында да қатты қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады.
Фото: Нұрболат Нұржаубай










