Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 11, 12, 13 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алдағы күндері республиканың солтүстік облыстарының ауа райына солтүстік циклон ықпал етеді, ал оңтүстік аймақтарға оңтүстік циклон әсер етеді, соның әсерінен қар жауып, боран соғады, күндіз елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қар мен жаңбыр түрінде аралас жауын-шашын жауады.

Батыста ауа температурасы түнде 5-13 градус аяз, күндіз 6 аяз-1 градус жылы:
Елдің оңтүстік-батысында түнде 1-9 градус аяз, күндіз 3 аяз-2 градус жылы;
Республиканың солтүстік-батысында ең төменгі температура 10-18-ден 7-16 градус аязға дейін көтеріледі, ең жоғары температура 3-10 градус аяз шегінде болады;
Қазақстанның солтүстігінде түнде температура 7-20-дан 10-22 градус аязға дейін ауытқиды, күндіз температура 2-8-ден 5-11 градус аязға дейін төмендейді;
ҚР шығысы мен орталығында 10-23-тен 7-18 градус аязға дейін өседі деп болжанып отыр;
Оңтүстік облыстарда 5-13-тен 0-10 градус аязға дейін өседі деп күтіліп отыр, күндіз 5 градус аяздан-5 градус жылыдан 1 градус аяз-7 градус жылыға дейін, елдің оңтүстік-шығысында түнде 5-25-тен 3-20 градус аязға дейін, күндіз 5 аяздан-5 жылығадейін, таулы аудандарда 6-11 градус аяз болады.

Фото: Нұрболат Нұржаубай
10 ақпан 2025 ж. 61 0