Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 12, 13, 14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Батыста қар жауып, бұрқасын болады, екпінді жел күтіледі. 13 желтоқсанда күндіз, 14 желтоқсанда тәулік бойы оңтүстікте, 14 желтоқсанда оңтүстік-шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болжанады.

"Түнде ауа температурасы төмендеуі еліміздің батысында ғана 0-8 градус аязға дейін болжанады, қалған аймақтарда ауа температурасы түнде солтүстік-батыста, солтүстікте 3-10 градус аязға дейін, Қазақстанның орталығында 5-13 градус аязға дейін, шығыста 10-20 градус аязға дейін, республиканың оңтүстік-шығысында 0-10 градус аязға дейін, оңтүстік облыстарда 8 градус аяз - 2 градус жылыға дейін жоғарылайды", - деп жазылған хабарламада.

Сурет: qaz365.kz/news
12 желтоқсан 2024 ж. 77 0