Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 9-11 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

9-11 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» синоптиктері 9-11 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

    «Алдағы үш күнде арктикалық антициклонның әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашын тоқтап, аяз күшейеді. Ал атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың шығысында қар жауады. Қазақстанның оңтүстік-батысында және оңтүстік облыстарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) сақталады. Республиканың оңтүстігінде тау бөктерінде және таулы аймақтарда қатты қар жауады», делінген хабарламада.

Ауа температурасы түнде солтүстік-батыста 20-37 градус аязға дейін, солтүстікте 30-38 градус аяз, республиканың қиыр солтүстігінде 40-46 градус аязға дейін суытады. Орталықта және шығыста күндіз 25-35 градус аязға дейін төмендейді. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік облыстарда тұман болжанады.

(Сурет ашық дереккөзден)
09 желтоқсан 2023 ж. 394 0