Желтоқсан айына ауа райы болжамы

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде күн аса суымайды.
"Республиканың басым бөлігінде желтоқсан айында ауа температурасы климаттық нормаға жақын, солтүстік және шығыс өңірлерде нормадан 1 градусқа төмен, оңтүстік және оңтүстік-батыс өңірлерде 1 градус жылы болады. Жауын-шашын мөлшері ҚР аумағының басым бөлігінде норма шамасында және нормадан көп, ал республиканың оңтүстік-батыс бөлігінде нормадан аз болады. Оңтүстік циклонның шығуымен бірінші онкүндіктің ортасында жауын-шашын, оңтүстікте кей жерлерде қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыртүрінде) тұман, көктайғақ, желдің 15-25 м/с дейін күшеюі, солтүстік өңірлерде боран, сондай-ақ ауа температурасының көтерілуі күтіледі. Онкүндіктің соңында Скандинавия аудандарынан суық ауа массаларының ағынымен республиканың басым бөлігінде қалыпты аязды ауа райы күтіледі", - дейді "Қазгидромет" өкілдері.
Осыған байланысты ауа температурасы ауытқуы мүмкін: батыста, солтүстік-батыста түнде 3...13 аяздан 8...15 аяз, оңтүстік-батыста 3 аязға, күндіз 2 аяз...3 жылы, оңтүстік-батыста 8 жылыдан 2...10 аязға дейін; оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнде 3...8 жылы, кей жерлерде 5 аяздан 5...13 аязға, күндіз 5...15 жылыдан 0...5 жылыға дейін; республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде 5...15 аяздан 0...8 аязға, күндіз 3 аяз...5 жылыдан 2...12 аязға дейін.
Сондай-ақ. синоптиктердің мәліметінше, кезекті суық толқындары екінші және үшінші онкүндерде болжанады: оңтүстік-батыс жартысында түнде 10...20 аяз, күндіз 5...10 аяз, солтүстік-шығыс жартысында түнде 20...35 аяз, күндіз 10...20 аяз.