Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің кей өңірінде -42 градусқа дейін аяз болады

Еліміздің кей өңірінде -42 градусқа дейін аяз болады

Синоптиктер алдағы үш күнге (7-9 желтоқсан) арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Болжамға сәйкес, еліміздің шығыс және оңтүстік облыстарында қарлы жауын-шашын сақталады. Түнде ауа температурасы батыста 10-20 градус аязға дейін, солтүстік-батыста және солтүстікте 28-38 градус аязға дейін, республиканың қиыр солтүстігінде -42 градусқа дейін төмендейді, республиканың орталығы мен шығысында 28-33 градус аяз болады. Қазақстанның оңтүстік облыстарында 5-13 градусқа дейін төмендейді.

Республика бойынша тұман түсіп, елдің оңтүстік жартысында жел күшейеді.

Сурет: ult.kz
06 желтоқсан 2023 ж. 305 0