Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" 27 ақпан мен 1 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдағы күндері де оңтүстік циклон ел аумағының басым бөлігіне ықпал етеді, сондықтан боран соғып, қар жауады, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады.

27 ақпанда шығыста, түнде оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында, 28 ақпанда оңтүстік-батыста, 1 наурызда солтүстік-батыста қатты қар жауады.

Қазақстан бойынша тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді, 27 ақпанда түнде республиканың оңтүстік-шығысында 30 м/с және одан да қатты жел соғады.

Түнде ауа температурасы солтүстік-батыста, шығыста, елдің орталығында 12-28 градус аязға дейін, солтүстікте 15-25 градус аязға дейін, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 1-10 градус аязға дейін, батыста ауа температурасы 5-20 градус аязға дейін төмендейді, - деп жазылған хабарламада.

Фото: baq.kz
Сурет: baq.kz
27 ақпан 2025 ж. 35 0