Алдағы үш күнде аяз тұрып, қар жауады

Алдағы тәуліктерде Қазақстанның басым бөлігінде оңтүстік циклонның ықпалы жалғасады. Нәтижесінде елімізде бұрқасынмен бірге қар жауады, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын және қар түріндегі жауын-шашын күтіледі.
27 ақпанда шығыста, түнде оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында, 28 ақпанда оңтүстік-батыста, 1 наурызда солтүстік-батыста қалың қар жаууы мүмкін. Түнде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі, республиканың оңтүстік-шығысында секундына 30 метр және одан да жоғары желдің күшеюі ықтимал.
«Ауа температурасының түнде солтүстік-батыста, шығыста, республика орталығында 12-28 градус аязға дейін, солтүстікте 15-25 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста аздап 1-10 градус аязға дейін көтеріледі, батыста негізгі ауа температурасы 5-20 градус аяз болады», делінген хабарламада.
Сурет: Нұрболат Нұржаубай