Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірнеше командир қызметінен кетті: Қорғаныс министрлігі әскердегі өлім-жітімге байланысты мәлімдеме жасады

Бірнеше командир қызметінен кетті: Қорғаныс министрлігі әскердегі өлім-жітімге байланысты мәлімдеме жасады

Kyzylorda-news.kz Қорғаныс министрлігі жыл басынан бері Қарулы Күштерде әскери қызметкерлердің қаза табуына байланысты ресми мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.
Ведомство басшылығы жыл басынан бері қаза тапқан әскери қызметшілердің жақындарына көңіл айтып, әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жауапкершілік деңгейін толық түсінетінін атап өтті.
“Жыл басынан бері Қарулы Күштерде әскери қызметкерлердің қаза табуына байланысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің басшылығы қаза болғандардың отбасыларына, туған-туыстарына және жақындарына шынайы көңіл айтады”, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ Қорғаныс министрі Дәурен Қосановтың тапсырмасы бойынша келер уақытта мұндай трагедиялардың қайталануына жол бермеуге бағытталған шұғыл шаралар қабылданған.
Біріншіден, тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы мен әскери тәртіпті бақылау күшейтілді.
“Жарғы талаптары мен қарумен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шараларының, оқу-жаттығуларды өткізу, атыс жүргізу және қызметтік міндеттерді орындау барысында қауіпсіздік талаптарының сақталуы қатаң реттеліп отыр”, – делінген хабарламада.
Екіншіден, барлық әскери бөлімдерге жеке құрамды кешенді психологиялық тексеруден өткізу үшін комиссиялар жіберілді. Әскери қызметкерлердің психикалық жай-күйіне, сондай-ақ қызметтік міндеттерді орындауға психологиялық дайындық деңгейіне қайта бағалау жүргізілмек.
Үшіншіден, командирлер мен сержанттық құрамның жеке жауапкершілігі күшейтілді. Негізгі назар оқыс оқиғалардың алдын алуға және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.
Төртіншіден, әскери полиция күштерімен әскери бөлімдерде жан-жақты тексерулер ұйымдастырылды. Жеке құрамға бақылау, бейнебақылау, оның ішінде қызметтен тыс уақытта да, күшейтілді.
Бесіншіден, әскери полиция күштерімен жан-жақты тексерулер ұйымдастырылды. Жеке құрамға бақылау күшейтілді, оның ішінде қызметтен тыс уақытта да.
“Тәулік бойғы бақылау енгізіліп, құқықбұзушылықтар мен оқиғалардың алдын алуға бағытталған қосымша профилактикалық шаралар қабылданды”, – делінген хабарламада.
Алтыншыдан, скери қызметкерлердің жақындарымен тұрақты бейнебайланыс жасау жүйесі құрылды. Бөлімше командирлері ресми арналар арқылы ата-аналармен тұрақты байланыс орнатып, жүйелі түрде өзара әрекет етеді.
Кадрлық және тәртіптік шешімдер
Бұған дейін тіркелген деректер бойынша кадрлық және тәртіптік шаралар қабылданды. “Шығыс” өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, штаб бастығы және қолбасшының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қаза тапқан сарбаздың әскери бөлім командирі, оның орынбасары және батальон командирі қызметтерінен босатылды.

“Қабылданып жатқан барлық шаралар ең алдымен жеке құрамның өмірі мен денсаулығын сақтауға және мұндай қайғылы жағдайлардың қайталануына жол бермеуге бағытталған. Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты негізде жалғасын табады”, – делінген хабарламада.
Фото: Pexels.com
29 қаңтар 2026 ж. 84 0