Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев әскери қызметшілерге берілетін төлем өсетінін мәлімдеді

Тоқаев әскери қызметшілерге берілетін төлем өсетінін мәлімдеді

Алдағы үш жылда әскери қызметшілерге берілетін төлем орташа есеппен 30%-ке көбейеді.
Бұл туралы Қазақстан президенті – Қарулы күштердің Жоғарғы бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде мәлімдеді. Мемлекет басшысының төрағалығымен Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Тоқаев жиынға дейін қызмет барысында қаза тапқан әскери қызметшілерге арнап орнатылған "Мәңгі есімізде" монументіне гүл қойып, тағзым етті. Жиын барысында президент әскерилерді әлеуметтік-құқықтық тұрғыдан қорғау мәселесіне тоқталды.
Тоқаев келесі жылдан бастап күштік құрылымдарға арналған азық-түлікке бөлінетін қаржы көлемі артатынын, алдағы 3 жыл ішінде әскери қызметшілерге берілетін қаржылай төлемді орташа есеппен 30 пайызға көбейту туралы шешім қабылданғанын хабарлады. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы әскердегі моральдық-психологиялық ахуалды және сарбаздардың жауынгерлік рухын көтеру аса маңызды екенін атап өтті. Осыған байланысты ол қорғаныс министрлігіне мүдделі органдармен бірлесіп, 2021 жылдың 1 қарашасына дейін Қарулы күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардағы идеологиялық жұмыстардың тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды.
ktk.kz
20 қараша 2020 ж. 477 0