Туберкулез ауруы туралы білу маңызды
Туберкулез – қоғамда әлі де көп қате түсінікке ұшырайтын ауру. Кейде бұл дертке шалдыққан адамдарды орынсыз кінәлап, шеттетіп жатамыз. Ал шын мәнінде, туберкулез – кез келген адамға жұғуы мүмкін жұқпалы ауру.Әлем бойынша туберкулездің алдын алу мен ағартушылық жұмыстарына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы баса мән береді. Бұл – мәселенің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.Туберкулезбен ауырған адамды “қауіпті” деп шеттету – қате. Мұндай көзқарас адамдардың тексерілуге қорқуына, ауруын жасыруына әкеледі. Ал бұл қоғам үшін одан да қауіпті.
Туберкулез көбіне өмір сүру жағдайымен, тамақтанумен, күйзеліспен байланысты. Сондықтан бұл тақырыпта ашық сөйлесу, бір-бірімізді түсіну – өте маңызды.
Адамға сенім, қолдау, жылы сөз керек. Туберкулез туралы дұрыс ақпарат тарату – қорқыныш пен жалған пікірлерді азайтудың ең тиімді жолы.










