Топ-баннер
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз!

Бүгін Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысының бұйрығына сәйкес Қазақ күресінен халыкаралық дәрежедегі спорт шебері, қазақ күресінен Әлем кубогінің иегері, «Евразия» барысы және 5 дүркін «Сыр барысы» атағына ие болған жерлесіміз Нұрым Сәлімгерейұлы қазақ күресінен жастар арасында облыстың аға жаттықтырушысы болып тағайындалды.

Бұған дейін қазақ күресінен талай додаларда топ жарып, аудан мерейін үстем етіп жүрген жерлесіміз, ендігі кезекте жастар арасында қазақ күресін дамытуға және спортшылардың тұрақты түрде халықаралық және республикалық додаларға қатысуына ықпал жасайды.

Жаңа қызметтің тізгінін ұстап, Сыр спортын дамытуда ерекше жауапкершілік алған жерлесімізді қызметімен құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тілейміз.
"Толқын" ақпарат

17 ақпан 2026 ж. 62 0