Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыр барысы праймеризге қатысады

Сыр барысы праймеризге қатысады

Сыр барысы праймеризге қатысады Әлемдік деңгейде қазақтың көк туын желбіретіп жүрген жас спорт шебері Нұрым Сәлімгерейұлы праймеризге қатысуға өз өтінішін білдірді.
Сәлімгереев Нұрым – 1994 жылдың 2 қыркүйегінде Арал ауданы, Қарақұм ауылында дүниеге келген. 2000 жылы №59 Қарақұм орта мектебінің 1 сыныбына қабылданып, 2004 жылдан бастап Арал аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің Қарақұм ауылындағы қазақ күрес бөлімшесінде қазақ күресінің қыр-сырын меңгеруді бастады. Спорт шебері. Самбодадан ересектер арасында ҚР-ның чемпионы. Қазақ күресінен ересектер арасында ҚР-ның чемпионы. Белбеу күресінен ересектер арасында ҚР-ның чемпионы. Дзюдодан ересектер арасында ҚР-ның чемпионы. 2015 жылдың «Сыр барысы». Қазақстан барысына қатысушы. Жасөспірімдер арасында Нұрым бернеше рет облыстық, республикалық чемпионаттар мен ірі халықаралық турнирлердің жеңімпазы.
2013 жылы Ақтөбе қаласында қазақ күресінен жастар арасында Бүкіл Қазақстан ойындарында 90 кг салмақ дәрежесінде чемпион.
2013 жылы Қызылорда қаласында қазақ күресінен жастар арасында «Жас барыс» Республикалық чемпионатында 90 кг салмақ дәрежесінде чемпион. Түйе палуаны І орын.
2014 жылы Тараз қаласында дзюдодан жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында 90 кг салмақ дәрежесінде чемпион. 100 кг салмақ дәрежесінде дзюдодан жастар Қазақстан құрама сапында Америка құрама штаттары өткен Әлем біріншілігіне қатысты.
2014 жылдың маусым айында Қызылорда қаласында дзюдодан жастар арасында (23 жасқа дейін) Ел чемпионатында 100 кг салмақ дәрежесінде чемпион. Америка құрама штатынының Майами қаласында өткен Әлем біріншілігіне қатысып, үздік бестіктен көрініп, Қазақстан құрамасындағы үздік көрсеткішке ие болған.
2014 жылдың желтоқсан айында Тайландта өткен дзюдодан жастар арасында (23 жасқа дейін) Азия чемпионатында 100 кг салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды.
2015, 2018, 2019 жылдарда Қазақстан барысы турнирінің қатысушысы.
2019 жылы қазақ күресінен ересектер арасындағы ҚР-ның чемпионатында ІІ орын (Қызылорда қаласы 11-14.11.2019 ж.);
2019 жылы 15 желтоқсан күні Ақтөбе қаласында қазақ күресінен ересектер арасында өткен Әлем чемпионатында алтын медаль иеленген.
Н.Сәлімгерейұлына сәттілік тілейміз!
Арал ауданы әкімдігінің баспсөз қызметі.

21 тамыз 2020 ж. 748 0