Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қазақстан барысында» әскерилер де бақ сынайды

«Қазақстан барысында» әскерилер де бақ сынайды

Елордада 8 маусымда өтетін «Қазақстан барысы-2019» республикалық турниріне Әскери орталық спорт клубының спортшылары қатысады.Беделді белдесуде Қарулы күштерді әскери спортшылар – қазақ күресінен әлем чемпионы, «Әскер барысы-2019» титулының иегері, кіші сержант Талғат Амренов пен самбо бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, «Қазақстан барысы-2018» турнирінің күміс жүлдерегі, ефрейтор Ерасыл Қажыбаев қатысады.
Жалпы дүбірлі додаға еліміздің барлық өңірінен келген 36 палуан қатысады деп күтілуде.
https://baq.kz
05 маусым 2019 ж. 984 0