Қызылордада қазақ күресінен ел чемпионаты өтеді

Ел чемпионатына Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің барлық облысынан 500-ге жуық спортшы қатысады. Спортшылар 16 салмақ дәрежесінде шеберлік байқасады.
Дүбірлі бəсекеге қазақ күресінен 4 дүркін әлем чемпионы Айбек Нұғымаров, әлем чемпионы Мұхит Тұрсынов, 2 дүркін әлем чемпионы Ғалымжан Абдрахманов, Азия чемпиондары Мақсат Исағабылов, Нариман Тұтқышев, Қазақстан чемпионы Нұрым Сəлімгереев қатысады.
Қызылорда облысының намысын 40 спортшы қорғайды. Жарыс 11 қараша күні сағат 10.00-де басталады.