Топ-баннер
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұғалімдер өзіне артылған ауыр жүктің бірінен босатылмақ

Мұғалімдер өзіне артылған ауыр жүктің бірінен босатылмақ

Қазақстан педагогтарын оқу процесінен тыс уақытта оқушылармен болған оқиға үшін жауапкершіліктен босатқысы келеді. Заң жобасы Мәжілістің қарауына келіп түсті, деп хабарлайды Democrat.kz.
Мәжіліс сайтында депутаттардың бастамасымен «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы жарияланды.
Мәселен, «педагог мәртебесі туралы» Заңның 6-бабына мұғалімдер мен мектеп директорларының оқушылар үшін жауапкершілігіне қатысты түзету енгізу ұсынылады.
«Педагог және (немесе) білім беру ұйымының басшысы білім алушылармен немесе тәрбиеленушілермен болған оқиғалар үшін, олардың кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезеңінде, оның ішінде білім беру қызметіне байланысты лауазымдық міндеттерді орындау процесінде ғана жауапты болады», – делінген құжатта.

syrboyi.kz
Фото: Нұрболат Нұржаубай
17 ақпан 2026 ж. 170 0