Бүгін, 30 желтоқсан күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру саласына, теміржол көлігі мен газбен қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты бірқатар заңдарға қол қойды

Президент қол қойған тағы бір заң жобасы - "Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Кемелұлы "Педагог мәртебесі туралы" заңға және оған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мұғалімнің мәртебесі, студенттер мен оқытушыларға жүктемені азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды.