Тоқаев кезекті заңға қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақ Ордаға сілтеме жасап.
Хабарлауынша, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» және «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» заңдарына қол қойған.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы қолданыстағы заңнаманы қабылданған «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкестендіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.