Бүгін Парламент Мәжілісінде «Педагог мәртебесі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, мұғалім мен оқушыға жүктемені төмендету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды. «Бірінші кезекте балабақшадан орын беру мәселесі ескерілген. Сонымен қатар, «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік марапатының жаңа түрін енгізу де бар», - дейді ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.