Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Көп балалы отбасыларға баспана беру мәселесі қалай шешіледі? Депутаттар қарайды

Көп балалы отбасыларға баспана беру мәселесі қалай шешіледі? Депутаттар қарайды

Бүгін ҚР парламенті мәжілісінің жалпы отырысында табысы аз көпбалалы отбасыларға бірінші кезекте тұрғын үй алу құқығын беру, көпбалалы отбасылардың санаты бойынша кезекке тұрғандардың жеке тізімін жүргізу және жұмыс істейтін жастарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге бағытталған заң жобасы қаралады, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильяновтың айтуынша, ҚР кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР заң жобасы парламент мәжілісі депутаттарының бастамасымен әзірленген. Заң жобасы бойынша екі заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді. Комитет осы заң жобасын жұмысқа алып, қорытынды әзірлеуге дайын.
Мәжіліс депутаттары қолдаған ҚР кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР заң жобасы ҚР Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарабевтың көпбалалы отбасыларды және жұмыс істейтін жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнінде берген тапсырмаларын іске асыру үшін әзірленген. Заң жобасы жергілікті атқарушы органдардың көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етудің заңнамалық негізін қалыптастыруға бағытталған. 
Сабильянов аталған заң жобасын қарау туралы мәселені Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысының күн тәртібіне енгізуді сұрады. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин бұл сұрақты әдеттегідей күн тәртібіндегі барлық мәселеден кейін қаралатынын айтты.
stan.kz
24 сәуір 2019 ж. 1 391 0