Топ-баннер
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АРАЛДЫҚ НҰРБИБІ ТЕМІРХАН ГИННЕСТІҢ РЕКОРДТАР КІТАБЫНА ЕНДІ

АРАЛДЫҚ НҰРБИБІ ТЕМІРХАН ГИННЕСТІҢ РЕКОРДТАР КІТАБЫНА ЕНДІ

№14 мектеп-лицейінің 8 «В» сынып оқушысы Темірхан Нұрбибі ұлттық өнерімізді әлемдік деңгейге көтеріп, тарихи жетістікке қол жеткізді.

2025 жылғы 6 шілде күні «Аламан құрақ» жобасы аясында Медеу мұз айдыны аумағында жалпы өлшемі 1388 шаршы метр, көлемі 68 м × 20,3 м болатын алып құрақ көрпе таныстырылып, рекорд халықаралық деңгейде тіркелді.
Бұл – қазақтың дәстүрлі құрақ өнерінің жаһандық кеңістікте мойындалуының айқын дәлелі.
"Толқын" ақпарат

21 ақпан 2026 ж. 54 0