Топ-баннер
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аналарға алғыс – ұжым бірлігінің көрінісі

Аналарға алғыс – ұжым бірлігінің көрінісі

1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесіне орай Арал аудандық соты әкімшісінің басшысы З.Сермағамбетова аудандық сот қызметкерлерінің аналарына арнайы барып, мерекелерімен құттықтады.Атап айтқанда, аудандық соттың бас маманы Қуаныш Утепбергеновтың анасы Куптлеуова Жупар Лепесқызына жылы лебізін білдіріп, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының Алғыс хаты мен сый-сияпатын табыстап, мерекелік құттықтауын жеткізді.
Сондай-ақ, бас маман Қанжарбек Баймағанбетовтың анасы Ақжүніс Смайлқызын құттықтап, сый-сияпат табыстады.
Кездесу барысында З.Сермағамбетова әрбір қызметкердің жетістігінің артында ана мейірімі мен қолдауы тұрғанын атап өтіп, аналарға алғыс білдірді.
Алғыс айту күні – мейірім мен ризашылықты дәріптейтін ерекше мереке. Осы орайда ұйымдастырылған  игі шара ұрпақ тәрбиелеген аналарға деген шынайы құрметтің белгісі болды.
Арал аудандық соты
01 наурыз 2026 ж. 73 0