Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қамқорлық – ізгі қасиет

Қамқорлық – ізгі қасиет

Ризашылық, мейірімділік, алғыс айту – адамның адамға  жасаған жақсылығы, көмегі,  алғыс білдірушілік сезімі. Бұл – адамзат бойындағы ең бір игі қасиеттің бірі. Осыған орай әлем елдерінде «Алғыс айту» мерекесі бекітілген.Ал елімізде 2016 жылдың 14 қаңтарында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Прези­ден­ті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ­стан халқы Ассамблеясының құрылған күнін, яғ­ни 1 наурызды «Алғыс айту» күні етіп жария­­лады.
«Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күн, яғни 1 наурызды жыл сайын барлық этностың бір-біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Бұл күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», – деген болатын Ассамблея сессиясында. Міне, содан бері осы татулық пен жылулық мерекесі тойланып келеді.
Бұл мереке жыл сайын ел көлемінде өз деңгейінде атап өтіледі. Айтулы күннен біз де тыс қалған емеспіз. Алғыс айту күніне арналған «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени білім беру жобасы аясында Арал аудандық тарихи-өлкетану музейі қызметкерлері  Арал аудандық  «Мүгедектер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің күндізгі жартылай стационар бөлімі тәрбиеленушілеріне музей қорындағы  жас жеткіншектер қызығушылығын танытатын жәдігерлерден «Қазақстан – менің алтын бесігім» көшпелі  және « Туған өлке  ме­нің көзіммен»  тақырыбында  балалар қолы­мен суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Өз ой­ла­рын қалам ұшымен кең де көлемді аша біл­ген бүлдіршіндерге музей ұжымы атынан қайы­рым­дылық сыйлықтары табыс етілді.
Гүлнар Каримолдақызы,
Арал аудандық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері
29 ақпан 2020 ж. 1 519 0