Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Құттықтау

Құттықтау

Ардақты ағайын! Қадірлі жерлестер!Баршаңызды Қазақстан халқы Ассам­блея­сының құрылғанына  25 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын!
Сонымен бірге 1 наурыз – еліміздің жетекші партиясы – «Нұр Отан» партиясының құрылған күні. Биыл партияның құрылғанына 21 жыл толды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы – елімізде қалыптасқан қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің арқауы. Кешегі ел басына күн туған қилы заманда қазақ халқы тағдырдың жазуымен елге келген этнос өкілдеріне кең құшағын жайып, бауырына тартты. Бір үзім нанымен бөлісті. Қазіргі таңда елімізде 130-дан аса ұлт пен ұлыс өкілдері берекелі тіршілік етіп келеді.
2016 жылы Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халықтар достығына негізделген Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін Алғыс айту күні деп жариялаған болатын. Бұл күн – түрлі этнос өкілдерінің қазақ халқына ризашылығын білдіретін, алғаусыз құрмет пен сыйластықты арттыратын күн. Мереке қазақ халқының кеңпейіл, жомарт, қонақжай, мейірімді және ынтымақшыл әдет-ғұрпынан бастау алатын тарихи дәстүрлеріне негізделген.
Міне, бүгін тарих тоғыстырған, тағдыр табыстырған  барша ұлт пен ұлыстың берік бірлігі мен тату тірлігін Қазақстанның бас­ты жетістігі десек, артық айтқандық емес. «Ынтымақты ел – ырысты ел» дейді даналарымыз. Бүгінде түрлі этнос өкілі бір атаның баласындай жұмылып, аудан дамуына өз үлестерін қосып келеді.
Құрметті ағайын!
Еліміздің кешегі қилы тағдырына көз салсақ, талай сын сағаттан сүрінбей келе жатқанын байқаймыз. Қазақ сахарасына тағдыр айдап келген талай этнос қазақ халқының қамқорлығын сезінді. Жүздеген этнос өзара араласып, тату тірлік кешіп келеді. Бірлік пен достықтың жарқын мерекесі саналатын  Алғыс айту күні – ел бірлігін бекемдеумен қатар, татулығымыз бен ырысты ынтымағымызды жаңа белеске жетелеуде.
Әрдайым жабырқағанның жанынан табылып, жылағанды жұбатып, қиналғанды қуанта берейік. Көңілді жадырататын жақсылық істеріміз бен айтар алғысымыз көп болсын.
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, ғұмыры мәңгілік болсын!
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев
29 ақпан 2020 ж. 2 218 0