Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы

Қадірлі жерлестер!
Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бейбітшілік пен тұрақтылық және ұлтаралық келісім–мемлекетіміздің ең басты негізі, рухани байлығы. Иә, қазақ – қашаннан бауырмал халық. Әр кезеңде елімізден пана іздеп келген өзге ұлт өкілдерінің бәріне құшағын ашып, төрінен орын беріп, қандай қиын сәттердің өзінде бір үзім нанды бөліп жеген елміз. Қаймағы бұзылмаған қазақ жері бүгінде көпұлтты мемлекеттің бірі болып, әлемге бейбіт сүйген ел ретінде танылды. Қазіргі күні елімізде 136 ұлт пен ұлыстың өкілдері бір тудың астында татутәтті ғұмыр кешіп жатыр.
Елбасының сындарлы саясаты мен қолдауының арқасында олардың да өз тілін, дінін, салт-дәстүрін жаңғыртып, дәріптеуіне мол мүмкіндік берілген. Президенттің бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының да еліміздегі ұлтаралық келісім мен татулықты, мәдениетаралық, дінаралық рухани жарасымды дамытудағы мән-маңызы орасан.
1 мамыр–әрбір қазақстандық үшін Отанға сүйіспеншілік сезімнің, азаматтық борыш пен жалпыұлттық келісімнің мерекесі. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық біздің ең маңызды байлығымыз болғандықтан, бұл жетістікті бағалап, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – әрбір Қазақстан азаматының міндеті. 
Ардақты ағайын!
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, елдегі татулық пен бірлігіміз бекем болсын деп тілеймін. Алға қойған арман-мақсаттарға ауызбіршілікпен жете берейік! 
01 мамыр 2019 ж. 3 612 0