Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН ӘКІМІ М.ОРАЗБАЕВ ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

АУДАН ӘКІМІ М.ОРАЗБАЕВ ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Қадірлі аралдықтар! Қымбатты жерлестер!Баршаңызды ұлық мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Әр ұлт, әр халық үшін тәуелсіздіктен артық қасиетті ештеңе жоқ. Бірлігіміздің арқасында тәуелсіздік жылдары іргелі мемлекет болып қалыптастық, өзгелермен теңесіп, тұрмысымызды түзедік. Қазақстан Республикасы бүгінде беделі биік, құқықтық, дербес демократиялық мемлекет ретінде әлемге танымал. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыздың осынау табысы, еліміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы, мемлекетіміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатының жемісі.
Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалап, болашаққа оң бағдар жасай білген Қазақстан халқы əлеуметтік-экономикалық жəне мемлекеттік құрылыстағы қол жеткен табыстарын орынды мақтан етеді. Еліміздің халықаралық беделі жылдан-жылға артып келеді.
Алашқа ана болған қасиетті мекеніміз – Сыр елі де осы тәуелсіздік жылдарында өрлеу үстінде келеді. Аймағымыздың жан-жақты дамуында Арал өңірінің де үлесі мол.
Қадірлі жерлестер!
Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық пен береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!
Ізгі тілекпен аудан әкімі М.Оразбаев.
14 желтоқсан 2018 ж. 1 726 0