Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев Тұңғыш Президент күнімен құттықтады

Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев Тұңғыш Президент күнімен құттықтады

Құрметті аудан тұрғындары! Қадірлі аралдықтар!
Баршаңызды еліміздің айтулы мерекесі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесімен құттықтаймын! Бұл – тарихи таңдау күні, тұңғыш Президент сайлау­ында Н.Назарбаевтың барша қазақстандықтардың зор сеніміне ие болған күні.
Қазақстанның алыстағы алып елдер де, қыр астындағы көршілер де санасатын айбынды мемлекетке айналып, әлемнің 140-тан астам мемлекетімен қарым-қатынас орнатып, өзінің даму қарқыны, экономикалық қуаты және адами әлеуеті бой­ынша Орталық Азия мен ТМД-да көшбасшы позицияға ие бо­луы – Тұңғыш Президенттің сарабдал саясатымен жүзеге асырылып жатқан қоғамдық-әлеуметтік және экономикалық реформалардың, бірлік пен берекелі тірліктің нәтижесі. Та­рихта бірде-бір мемлекет небәрі екі онжылдықтың аумағында осындай халықаралық беделге ие бола алған жоқ.
Қазақ халқының келешегіне қатысты талай тағдырлы шешімдер қабылданған өлкеде, яғни Елбасы «Сыр – Алаштың анасы» деп атаған аймақта жыл сайын қаншама ірі жобалар жүзеге асырылуда. Экологиялық апаттан зардап шеккен Арал аймағы халқының жағдайын жақсарту мақсатында «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу» жобасы да Президенттің бастамасымен жүзеге асты. Бұл ауданның әлеуметтік және экономикалық жағынан дамуына үлкен серпін берді.
Қымбатты жерлестер! Қадірлі ағайын!
Осындай айтулы мерекеде Сіздерге мықты денсаулық, шаңырақтарыңызға бақ-береке және Отанымыздың өсіп-өркендеуі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілеймін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!
Игі тілекпен,
аудан әкімі Мұхтар ОРАЗБАЕВ.
30 қараша 2018 ж. 1 844 0