Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН ӘКІМІ АСТАНАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

АУДАН ӘКІМІ АСТАНАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Құрметті аудан тұрғындары!Қадірлі қонақтар !
Сіздерді Еліміздің еңселі ордасы Астананың 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық көрегендігімен бас қала атанып, сәулеті мен сәні айшықталып, айбыны асқақтаған Астана бүгінгі күні еліміздің бойтұмарына айналды. Тұрақты дамудың, өсу мен өркендеудің даңғыл жолына түсті.
Қазіргі Астана - саяси көшбасшылар, іскерлік серіктестер мен инвесторлар, зиялы қауымның кездесіп, кеңес құратын орны, шығармашылық жоспарларды, инновациялық идеялар мен батыл бастамаларды жүзеге асыру алаңы болып отыр. Бүгінгі таңда, аралдықтардың арасында да арман қуып Астанаға барып, күллі жаһан көз тіккен шаһардан бақытын тапқан жандар баршылық.
Жалпы Астана өзінің 20 жылдық тарихында уақытпен үндесе бой түзеп, әлем қызыққан Елордаға айналып отыр. Күн санап көркейген қаламыздың жыл өткен сайын маңызы артып, мәртебесі өсе түсті. Оған, қай-қайсымыз да тарихымен, дәстүрімен, мәдениетімен қайталанбас қолтаңбамызды қалдырғанымызды біле жүруіміз керек. 
Құрметті жерлестер! 
Баршаңызды Астана күні мерекесімен құттықтай отырып, Отбастарыңызға бақыт пен ырыс – береке тілеймін. 
Еліміз аман, Егемендігіміз еңселі болсын!
Ізгі ниетпен, 
Арал ауданының әкімі М. Оразбаев
06 шілде 2018 ж. 1 808 0