Астана – әлем қаласы

Осыдан 20 жыл бұрын осы бір тарихи батыл қадамға барған елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасы Алматы қаласынан арқа төсіне көшкені баршамызға аян. Мыңжылдықтар тоғысындағы осындай маңызды шешім қай қырынан қарасақ та дұрыс жасалған қадам болғандығына уақыт дәлел. Елдігімізді сақтап, тәуелсіздігімізді нығайта түсудің басты себепкері.
1998 жылы атауы ресми түрде Астана болып бекітілген бұл қала бүгінде Сарыарқа төріндегі барша қазақтың құт қонған киелі бесігіне айналды. Бірнеше ұлттың басын қосып, бірлікте өмір сүруінің өзі бір бесіктен тәрбие алған бір үйдің балаларын көз алдымызға елестетеді емес пе?!
«Әлем қаласы» атағына сай деп саналған қазіргі күннің алтын ордасының құрылуына орай 6 шілде «Астана күні» ретінде мерекелік күндер қатарына енгізілді.
Астана күні-жалпыұлттық сипатқа ие, барша халықтың асыға күтер мейрамына айналды. Жастығына қарамастан қарышты дамуы, көз қызықтырар сұлу келбеті сан ұрпаққа мақтан боларлықтай.
Асыл далам,
Бәрінен де ар құнды,
Өр биікке көтере бер халқыңды:
Сен болмасаң кім таниды затымды,
Елдігімді, атағым мен даңқымды,-деп ақындары жырға қосқан Астананың атағының асқақтығы осы бір ауыз сөзден-ақ көрініп тұр. Шынында да Елордамыз әлім мойындаған әсем қалаға айналды.
Бүгінгі таңда көз қарықтырар қызықтарымен әлем назарын өзіне аударып, қазақ халқын паш еткен «EXPO-2017» халықаралық көрмесі де осының айқын дәлелі. Қала аумағынан сәні жарасқан қалашық орын тепкен Астананың бағасын Британдық The Independent газетінде жарияланған “Астана Еуропадан алыс орналаспаған, оның футуристік келбеті мен бай тарихы бар. Осының барлығы оған туризмдегі ең танымал және сұранысқа ие бағыт болуына көмектесе алады” деген сөздің өзі көрсетіп тұрғандай.
Санаулы жылдар ішінде ажары самғау көкпен таласқан қала тұрғызу Елбасымыздың, бүкіл елдің жемісі, жетістігі. Есіл мен Нұра иығына төгілген қос бұрымындай болып төгіліп жатқан жас қаламыздың жаңалықтары мен жетістіктері әлі де талай көңілімізге керемет күй орнатарына біз кәміл сенеміз. Жасай бер, жайнай бер, Астана!
Ә. Қуандықова,
қала тұрғыны.