Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елордамыздың 20 жылдық мерейтойы Арал төрінде!

Елордамыздың 20 жылдық мерейтойы Арал төрінде!

Астана күні мерекесі еліміз бойынша барлық аймақтарда кең көлемде тойланып жатқаны белгілі. Осы орайда, бүгін ауданымыздың орталық алаңында Астана қаласының 20 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті. Кеште сөз алған аудан әкімі М.Оразбаев бас қаламыздың алпауыт мемлекеттермен иық тірестіріп дамып келе жатқанын жеткізді. Сондай-ақ Арал халқын Астана күні мерекесімен құттықтап, өңіріміздің өркендеуіне сүбелі үлестерін қосып жүрген бірқатар аудан мақтаныштарына Астана қаласының 20 жылдық мерекелік медалі табыс етті. Сонымен қатар Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «ЖОМАРТ ЖҮРЕК» қайырымдылық акциясына белсене қатысқан жандарды марапаттады.
Салтанатты шара мұнан әрі концерттік бағдарламаға ұласты. Мерекелік кеште аудан өнерпаздары мен талантты жастар өз өнерлерін ортаға салып, көпшіліктің ыстық ықыласына ие болды. Шара отшашумен аяқталды.
08 шілде 2018 ж. 2 038 0