ҰРПАҒЫ МӘҢГІ ҰМЫТПАС

Тағлымды шара одан әрі «Тарих ұлықтайтын, ұрпағы ұмытпайтын – Ұлы Жеңіс» атты театрландырылған мәдени көпшілік салтанатқа ұласты. Көпшілік қауымның назарын сел еткізген көрініс барысында «Ұрпағың мәңгі ұмытпас» атты «Портрет» шеруі ұйымдастырлды.
Салтанатты жиында аудан басшысы жұртшылықты Жеңіс мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін арнады. Мұнан әрі жиналған көпшілік аудан өнерпаздарының мерекелік концертін тамашалап, Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған эстафеталық жарыстың куәсі болды.
Мәртебелі мереке, қуанышты күн айдынды Арал өңірінде осылайша атап өтілді. Халқымыздың ерлігі мен даңқының жарқын көрінісін қазақ аяғы басқан әрбір мекен ұмытпайды. Әлемге қуаныш пен қайғы жұтқызған күннің жеңісті сәті ел есінде ғасырлай бойы сақталады.