ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН – ТУҒАН ЕЛІМ ҚАЗАҚСТАН

Мерекелік шара алдын ала жоспарлаған бағдарламаға сай – орталық алаңнан бастау алып, аудан оратығында бірқатар мекемелердің қатысуымен достық шеруі болып өтты.
Жалпы Қазақстан халықтарының бірлігі күні бүгінгі таңда жұрт асыға күтетін жалпыхалықтық мерекеге айналған. Осы орайда аспан да шайдай ашылып, күн шуағын төгіп, аудан тұрғындары мен қонақтарының көңіл-күйі де көтеріңкі болды. Әсіресе, арнайы мерекеге орай әзірленген өзге ұлт өкілдерінің ұлттық билері мен өнерпаздардың театрландырылған қойылымы қалың жұрттың назарын аудартпай қоймады. Осы жерде аудан әкімі М.Оразбаев барша халықты мерекемен құттықтады.
- Бүгінде 1 мамыр – бірлік мерекесі бүкіл елімізде, әр қала мен ауылда тойланатын жалпыхалықтық мереке болып қалыптасып кетті. Тәуелсіздік алғаннан бері мереке жаңа әрі терең мазмұнға толды. Қазақстан халқының бірлігі күні біздің берік достығымыз бен тұтастығымыздың, адал ниетіміз бен мақсат-мүд-деміздің бірлігінің символына айналды. Қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау баршамыздың алдымызда тұрған басты міндет. Елдегі саяси тұрақтылық, дінаралық, ұлтаралық татулық біздің басты байлығымыз. Мереке құтты болсын, бейбітшілік пен игілік, береке-бірлік тілеймін, - деді Мұхтар Оразбаев.
Мерекелік құттықтаудан кейін аудан өнерпаздары мамырдың әнін аяусыз төгіп, жырдан шашу шашты. Концерттің сәні болған бүлдіршіндер өз өнерімен жиналған жұртты тәнті қылды. Осылайша, бірлік мерекесі халықтық жаппай серуенге ұласып, шырайлана түсті.

