ҰЛТ БІРЛІГІ - ҰЛЫ БАЙЛЫҚ
1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай өткен достық шеруі одан әрі өзге ұлт өкілдерінің өзіндік құндылықтарын дәріптейтін ұлттық биіне ұласты. Орталық алаңға жиналған қауым аудандық оқушылар үйінің "Ақтолқын" би ансамбльінің ұсынған қазақ, орыс, украин, татар, испан, иран, тәжік, грузин, кәріс билерін тамашалап, аудан өнерпаздарының тағлымы терең театрландырылған қойылымының куәсі болды.