Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Назарбаев ҚХА-ның 25 жылдығын жоғары деңгейде атап өтуді тапсырды

Назарбаев ҚХА-ның 25 жылдығын жоғары деңгейде атап өтуді тапсырды

Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевты қабылдады
Келесі жылы Қазақстан Ассамблеяның 25 жылдығын атап өтеді. Бұл туралы Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды Елбасының баспасөз қызметі.
Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаевты қабылдады. Кездесу барысында Түймебаев ҚХА-ның XXVII сессиясына дайындық қалай жүріп жатқанын баяндады.Назарбаев алдағы мерейтойға уақтылы әзірлік жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті.
"Келесі жылы біз Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын атап өтуді жоспарлап отырмыз. Ассамблеяның мерейтойын орталықта да, барлық өңірде де жоғары деңгейде өткізуіміз керек. Келісім, тұрақтылық, халықтар достығы, түрлі этникалық топтар, діни конфессиялар арасындағы өзара құрмет мемлекетіміздің және дамуымыздың негізі саналады. Бұл жоспарланған іс-шараның негізі болуға тиіс", – деді Елбасы.
04 сәуір 2019 ж. 932 0