Белкөл кентінде Конституция жобасы таныстырылды
Аумақтық коалиция жетекшісі Ибадулла Құттықожаев жаңа Конституция жобасында қоғам пікірін ескеретін институттар – Құрылтай мен Халықтық кеңес енгізілгенін атап өтті. Ол бұл құрылымдардың мемлекет пен қоғам арасындағы диалогты қамтамасыз етуге арналғанын, азаматтардың ұсыныстары мен бастамаларын талқылайтын алаң болатынын айтты.
Кездесу барысында кент тұрғындары инфрақұрылымды жаңғырту, білім мен әлеуметтік қызмет сапасын арттыру мәселелерін көтерді. Тұрғындар сондай-ақ жаңа Конституция жобасында азаматтардың құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерінің нақты бекітілуін қолдайтынын атап өтті.
Коалиция өкілдері Конституция жобасында әлеуметтік құқықтарды қорғау, кәсіпкерлікті қолдау, мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыру және қоғамдық бақылауды күшейту бағытында нормалар қарастырылғанын жеткізді. Кездесу соңында қатысушылар алдағы референдумға қатысты ақпаратпен қамтамасыз етіліп, сұрақтарына жауап алды.









